Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 8675-03 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3- тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      "Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8272 болып тіркелген);

      "Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 "Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-0-8510 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А.Балташев

  Аршалы аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 10/3 шешіміне
қосымша

Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар Аршалы ауданының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген адамдарға қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;"

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Аршалы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – Аршалы ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 26.04.2024 № 18/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

      6) 1 қазан – Қарттар күні;

      7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;

      8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне екі еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыстың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      басқа мемлекеттердің аумағында, атап айтқанда Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:

      Ауғанстаннан басқа, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жылына 1 рет – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге жылына 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын және бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған не бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған адамдарға жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге жылына 1 рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға жылына 1 рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 1 қазан – Қарттар күніне:

      ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге жылына 1 рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға жылына 1 рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, жылына 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:

      1) кірістерді есепке алмағанда:

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, бірінші типті қант диабеті, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға, жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      көп балалы отбасылардан шыққан адамдар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан Қазақстан Республикасының колледждерінде күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын, жиырма үш жасқа дейінгі студенттерге білім беру ұйымымен нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесі, оқу орнынан анықтама негізінде жылына 1 рет оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде;

      көп балалы отбасылардан шыққан адамдар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын студенттерге білім беру ұйымымен нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс берушінің арасында жасалған нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесі, оқу орнынан анықтама негізінде жылына 1 рет оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өтініш беруші ұсынған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес, алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен коммуналдық қызметтерді және телефон байланысы қызметтері үшін абоненттік төлемді төлеу шығындарына ай сайын 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;

      босатылған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      пробация қызметіне тіркелген күнінен бастап үш айдан кешіктірмей пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан және емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде.

      2) кірістерді ескере отырып бір рет:

      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне екі еселік қатынаста шектен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бір тұрғын үйді газдандыруға жұмсалған шығындарды өтеу әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеке тұрғын үйлерде тұратын, оның меншік иелері немесе меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда және өтініш берген тоқсанның алдындағы ең төмен күнкөріс деңгейіне екі еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған жағдайда көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмектің көлемі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (фискалдық чектердің, түбіртектердің, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың көшірмелері) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 26.04.2024 № 18/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Аршалы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      14. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 26.04.2024 № 18/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 26.04.2024 № 18/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе

Решение Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 20 декабря 2023 года № 10/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 28 декабря 2023 года № 8675-03.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Аршалынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу:

      решение Аршалынского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе" от 23 декабря 2020 года № 70/5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8272);

      решение Аршалынского районного маслихата "О внесении изменения в решение Аршалынского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 70/5 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе"" от 16 января 2023 года № 37/5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-0-8510).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата А.Балташев

  Приложение к решению
Аршалынского районного маслихата
от 20 декабря 2023 года
№ 10/3

Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе Глава 1. Общие положения

      1. Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе.

      2. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих и зарегистрированных на территории Аршалынского района.

      3. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Аршалынского района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь – помощь, предоставляемая акиматом Аршалынского района в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Аршалынского района";

      6) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 26.04.2024 № 18/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьи 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального кодекса Республики Казахстан, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 раз в год).

      6. Перечень праздничных дней и памятных дат для оказания социальной помощи:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан – 15 февраля;

      2) День защитника Отечества – 7 мая;

      3) День Победы – 9 мая;

      4) День памяти жертв политических репрессий и голода – 31 мая;

      5) День закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона – 29 августа;

      6) День пожилых людей – 1 октября;

      7) День лиц с инвалидностью Республики Казахстан – второе воскресенье октября месяца;

      8) День Независимости – 16 декабря.

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      7. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      1) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      2) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в двухкратном отношении к прожиточному минимуму;

      3) сиротство, отсутствие родительского попечения;

      4) неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом;

      5) освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации.

      Специальные комиссии при вынесении заключения о необходимости оказания социальной помощи руководствуются утвержденным местным представительным органом перечнем оснований для отнесения граждан к категории нуждающихся.

      8. К праздничным дням и памятным датам размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере местным представительным органом по согласованию с местным исполнительным органом области.

      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия, которая указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      10. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается 1 раз в год без истребования заявлений от получателей следующим категориям граждан:

      1) ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля:

      ветеранам боевых действий на территории других государств, а именно на территории Афганистана 1 раз в год в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      2) ко Дню защитника Отечества - 7 мая:

      ветеранам боевых действий на территории других государств, кроме Афганистана 1 раз в год в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      3) ко Дню Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны 1 раз в год в размере - 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, в соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" 1 раз в год в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях 1 раз в год в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лицам, являющимся получателями пенсионных выплат по возрасту или пенсионных выплат по выслуге лет и награжденным орденами или медалями бывшего Союза ССР или Республики Казахстан либо удостоенным почетных званий бывшего Союза ССР или Республики Казахстан, либо награжденным почетными грамотами Республики Казахстан, либо награжденным ведомственными наградами Республики Казахстан 1 раз в год в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан "О ветеранах" 1 раз в год в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      4) ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода - 31 мая:

      жертвам политических репрессий и пострадавшим от политических репрессий 1 раз в год в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      5) ко Дню закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона - 29 августа:

      гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне 1 раз в год в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      6) ко Дню пожилых людей - 1 октября:

      пенсионерам с минимальным и ниже минимального размера пенсии 1 раз в год в размере 2 (два) месячных расчетных показателей;

      7) ко Дню лиц с инвалидностью Республики Казахстан – второе воскресенье октября месяца:

      лицам с инвалидностью всех групп и детям с инвалидностью 1 раз в год в размере 2 (два) месячных расчетных показателей;

      8) ко Дню Независимости - 16 декабря:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий", 1 раз в год в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей.

      11. Социальная помощь оказывается по заявлению, следующим категориям нуждающихся граждан:

      1) без учета доходов:

      гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара не позднее трех месяцев единовременно в размере 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей;

      лицам, с заболеванием туберкулез в активной форме, находящимся на амбулаторном лечении, ежемесячно не более 6 месяцев в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      лицам, имеющим социально значимые заболевания (злокачественные новообразования, сахарный диабет первого типа, болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)), 1 раз в год в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям инфицированных детей болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека, состоящих на диспансерном учете, ежемесячно в размере 2 (двух) прожиточных минимумов;

      студентам до двадцати трех лет, из числа лиц из многодетных семей, детей сирот и детей, оставшихся без попечения родителей обучающимся по очной форме на платной основе в колледжах Республики Казахстан на основании копии договора с учебным заведением заверенной нотариально, справки с места учебы в размере 100 (сто) процентов от стоимости обучения 1 раз в год;

      студентам из числа лиц из многодетных семей, детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, обучающимся по очной форме на платной основе в высших медицинских учебных заведениях Республики Казахстан на основании копии договора с учебным заведением заверенной нотариально, копии договора заключенного между акимом района, студентом и работодателем заверенной нотариально, справки с места учебы в размере 100 (сто) процентов от стоимости обучения 1 раз в год;

      ветеранам Великой Отечественной войны на расходы за оплату коммунальных услуг и абонентской платы за услуги телефонной связи, путем перечисления на лицевые счета получателей, согласно предоставленным копиям квитанций заявителем, ежемесячно в размере 100 (сто) процентов;

      лицам, освобожденным из мест лишения свободы не позднее трех месяцев со дня освобождения единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, состоящим на учете службы пробации не позднее трех месяцев со дня постановки на учет в службе пробации единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, указанным в статьях 4, 5, 5 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан на основании документов об оплате 1 раз в год в размере 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      лицам, указанным в статьях 4, 5, 6 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" на возмещение стоимости проезда в обе стороны на лечение в санаторий или госпиталь железнодорожным или автомобильным пассажирским транспортом по территории Республики Казахстан от станции отправления до места госпитализации и обратно при предоставлении подтверждающих документов 1 раз в год в размере не более 20 (двадцать) месячных расчетных показателей.

      2) с учетом доходов единовременно:

      лицам (семьям) со среднедушевым доходом не превышающего порога, в двухкратном отношении к прожиточному минимуму, не получающим государственную адресную социальную помощь, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      социальная помощь на возмещение затрат по газификации одного жилого дома производится ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, другим лицам, на которых распространяется действие Закона Республики Казахстан "О ветеранах", гражданам, пострадавшим вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне, пенсионерам по возрасту, лицам с инвалидностью всех групп, детям с инвалидностью, многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетным семьям, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в частных жилых домах, являющимися его собственниками, либо членами семьи собственника, при отсутствии у них и членов семьи другого жилья и при наличии среднедушевого дохода, не превышающего порога, в двухкратном отношении к прожиточному минимуму предшествующего кварталу обращения.

      Размер социальной помощи определяется исходя из фактических затрат заявителя, связанных с подведением и установкой газового оборудования, не более 100 (сто) месячных расчетных показателей.

      Для получения социальной помощи заявитель обращается в уполномоченный орган и прилагает акт и/или документ, подтверждающий состоявшиеся расходы связанные с подведением и установкой газового оборудования (копии фискальных чеков, квитанций, договоров на оказание услуг) и справку об отсутствии (наличии) зарегистрированных прав на недвижимое имущество.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      12. Порядок оказания социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи), установленного местным представительным органом порога для оказания социальной помощи.

      Сноска. В пункт 12 внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 26.04.2024 № 18/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Аршалынского района на текущий финансовый год.

      14. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико- социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 26.04.2024 № 18/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

      16. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган по оказанию социальной помощи с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

      Сноска. Пункт 16 - в редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Аршалынского районного маслихата Акмолинской области от 26.04.2024 № 18/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).