Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 "Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 32/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 5 ақпанда № 8895-03 болып тіркелді

      Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8675-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.";

      6-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.";

      10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жылына 1 рет – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға жылына 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектегі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) 1 қазан – Қарттар күніне:

      ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      11-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) кірістерді есепке алмағанда:

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, бірінші типті қант диабеті, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға, жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      көп балалы отбасылардан шыққан адамдар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан Қазақстан Республикасының колледждерінде күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын, жиырма үш жасқа дейінгі студенттерге білім беру ұйымымен нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесі, оқу орнынан анықтама негізінде жылына 1 рет оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде;

      көп балалы отбасылардан шыққан адамдар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі нысанда ақылы негізде оқитын студенттерге білім беру ұйымымен нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс берушінің арасында жасалған нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесі, оқу орнынан анықтама негізінде жылына 1 рет оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өтініш беруші ұсынған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес, алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен коммуналдық қызметтерді және телефон байланысы қызметтері үшін абоненттік төлемді төлеу шығындарына ай сайын 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне Қазақстан Республикасының шегінде жылына 1 рет төлем туралы құжаттар негізінде тіс протездеу құнын өтеуге 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;

      босатылған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      пробация қызметіне тіркелген күнінен бастап үш айдан кешіктірмей пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан және емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А.Балташев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады