Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 20.12.2023 № 10/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Аршалы аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Сулейменов |
Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы |
И.Слободянюк |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аршалы ауданының әкімдігі |
Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 шешіміне қосымша |
Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 37/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай – ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Аршалы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган – "Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Аршалы ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда айқылданған тәртіпте көрсетіледі.
6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын) көрсетiледi.
2 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу тәртібі
7. Мереке күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясының апаттарын жоюды еске алу күні:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға қатысқан адамдарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
3) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына – 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар – 100 000 (жүз мың) теңге;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 100 000 (жүз мың) теңге;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар ға – 60 000 (алпыс мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 100 000 (жүз мың) теңге;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға – 60 000 (алпыс мың) теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 30 000 (отыз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 30 000 (отыз мың) теңге,
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 30 000 (отыз мың) теңге;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
5) 25 қазан – Республика күні:
зейнетақының ең төменгі және ең төменгі мөлшерінен төмен зейнеткерлерге – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
6) қазан айының екінші жексенбі – Қазақстан Республикасының Мүгедектiгі бар адамдар күні:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
мүгедектігі бар балаларға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
7) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда оқиғаларға қатысқан адамдарға "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың өмірлік қиын жағдайға тап болған жекелеген санаттарына өтініш бойынша бір рет немесе мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей, жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш, бір рет;
2) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (туберкулез) уәкілетті ұйымның тізімі және ауруды растайтын анықтама негізінде өтініш бермей – алты ай ішінде 10 (он) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын;
3) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысы негізінде, жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет;
4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған аурумен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде, жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;
5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (қатерлі ісіктер) дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысы негізінде, жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш, жыл сайын;
6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлік жасына жеткен адамдарға, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, мүгедектігі бар балалардың, он сегіз жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасылардың және он сегіз жасқа дейінгі көп балалы отбасылардан шыққан балалардың ата-анасының (заңды өкілінің) біреуіне – алушының мәртебесін растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынған кезде, қала маңындағы жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүру ақысын төлеуден босату түрінде;
7) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде білім алатын ауылдық жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студент, аудан әкімі және жұмыс беруші арасында жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтама, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататындығын растайтын анықтама немесе көп балалы отбасының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде жылына бір рет жылдық оқудың жүз пайыз құны мөлшерінде ақы төлеуге;
8) ауылдық жерде тұратын, жоғары медициналық оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы студенттерге жылына бір рет оқу орнымен жасалған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс берушінің арасында жасалған нотариалды куәландырған шарттың көшірмесі, оқу орнынан анықтама, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама немесе көп балалы отбасының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде жылдық оқудың жүз пайыздық құны мөлшерінде;
9) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өтініш беруші ұсынған түбіртектердің көшірмелеріне сәйкес, алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен коммуналдық қызметтерді және телефон байланысы қызметтері үшін абоненттік төлемді төлеу шығыстарына – 100 (жүз) пайыз, ай сайын;
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға алты айдан кешіктірмей, босату туралы анықтама беру бойынша, жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай –15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш, бір рет;
11) күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға (отбасыларға) – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш, бір рет.
9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
10. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Аршалы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
12. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
3-тарау. Қорытынды ереже
13. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 шешіміне қосымша |
Аршалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Аршалы аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйекте "Аршалы айнасы", "Вперед" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 27 тамыздағы № 31/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте "Аршалы айнасы", "Вперед" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 03 тамыздағы № 44/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4962 тіркелген, 2015 жылғы 11 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
4. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 11 қарашадағы № 46/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5108 тіркелген, 2015 жылғы 15 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
5. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 24 мамырдағы № 5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5427 тіркелген, 2016 жылғы 04 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
6. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 26 тамыздағы № 7/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5543 тіркелген, 2016 жылғы 06 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
7. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 23/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6489 тіркелген, 2018 жылғы 09 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
8. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2018 жылғы 11 қазандағы № 28/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6816 тіркелген, 2018 жылғы 01 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
9. Аршалы аудандық мәслихатының "Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 тамыздағы № 18/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аршалы ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 04 ақпандағы № 36/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7064 тіркелген, 2019 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.