Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" Астрахан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7С-2-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8337 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
4, 5, 17-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Жалтыр ауылы, Жеңіс көшесі, 2А.";
"5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жалтыр ауылы, Абылай хан көшесі, "Фортуна" дүкенінен Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.";
"17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новочеркасск ауылы, Бейбітшілік көшесі, Бейбітшілік 30А көшесінен, "Астрахан ауданының Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін.";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
4-тармақтың 4), 5), 17) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Жалтыр Мәдениет үйінің ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Жалтыр ауылы, Жеңіс көшесі, 2А, шекті толу нормасы 50 адам.";
"5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жалтыр ауылы, Абылай хан көшесі, "Фортуна" дүкенінен Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.";
"17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новочеркасск ауылы, Бейбітшілік көшесі, Бейбітшілік 30А көшесінен, "Астрахан ауданының Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы |
М.Қожахмет |