Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7С-2-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 қаңтарда № 8337 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 23.12.2021 № 7С-17-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Астрахан ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы,
Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының әкімдігі


  Астрахан аудандық мәслихатының
2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 7С-2-2 шешіміне
1 қосымша

Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 23.12.2021 № 7С-17-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 7С-36-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астрахан ауылдық округінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1. Орталық алаң, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50.

      2. Аудандық стадион ғимаратының жанында орналасқан алаң, Астрахан ауылы, 9 Май көшесі, 10.

      3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Астрахан ауылы, Нұрмұхамбет Жазин көшесі, Әл-Фараби көшесінің қиылысынан аудандық стадион ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін.

      4. Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Жалтыр ауылы, Жеңіс көшесі, 2А.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 7С-36-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жалтыр ауылы, Абылай хан көшесі, "Фортуна" дүкенінен Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 7С-36-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Алаң, Зеленое ауылы, Зеленая көшесі, 9.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Зеленое ауылы, Молодежная көшесі, Есіл ауылдық клубының ғимаратынан Зеленая, 9 көшесіндегі алаңға дейін.

      8. Қызылжар ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жаңатұрмыс ауылы, Абылайхан көшесі, 21.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңатұрмыс ауылы, Абылайхан көшесі, "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан Қызылжар ауылдық клубы ғимаратының жанындағы алаңға дейін.

      10. Каменка ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Каменка ауылы, Желтоқсан көшесі, 12.

      11. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Каменка ауылы, Атамекен көшесі, Атамекен, 8 көшесінен Каменка ауылдық клубы ғимаратының жанындағы алаңға дейін.

      12. "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Колутон ауылы, Кенесары көшесі, 6.

      13. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Колутон ауылы, Ілияс Есенберлин көшесі, "Береке" дүкенінен "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін.

      14. "Астрахан ауданының Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Петровка ауылы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 29.

      15. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Петровка ауылы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, Қажымұқан Мұңайтпасов, 33 көшесінен "Астрахан ауданының Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан аланға дейін.

      16. "Астрахан ауданының Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Новочеркасск ауылы, Школьный тұйық көшесі, 1.

      17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новочеркасск ауылы, Бейбітшілік көшесі, Бейбітшілік 30А көшесінен, "Астрахан ауданының Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 7С-36-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Новый Колутон ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Новый Колутон ауылы, Достық көшесі, 27.

      19. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новый Колутон ауылы, Достық көшесі, Достық, 33 көшесінен Новый Колутон ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін.

      20. Алаң, Старый Колутон ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 4.

      21. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Старый Колутон ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, Старый Колутон ауылдық клубының ғимаратынан Бөгенбай батыр көшесінің алаңына дейін.

      22. "Астрахан ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Ұзынкөл ауылы, Целинная көшесі, 80А.

      23. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ұзынкөл ауылы, Целинная көшесі, "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан "Астрахан ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін.

      24. "Астрахан ауданының Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Первомайка ауылы, Октябрьская көшесі, 57.

      25. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Первомайка ауылы, Садовая көшесі, Первомайка ауылдық клубынан "Астрахан ауданының Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін.


  Астрахан аудандық мәслихатының
2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 7С-2-2 шешіміне
2 қосымша

Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 23.12.2021 № 7С-17-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 7С-36-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) орталық алаң, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, шекті толу нормасы 200 адам;

      2) аудандық стадион ғимаратының жанында орналасқан алаң, Астрахан ауылы, 9 Май көшесі, 10, шекті толу нормасы 100 адам;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Астрахан ауылы, Нұрмұхамбет Жазин көшесі, Әл-Фараби көшесінің қиылысынан аудандық стадион ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 80 адам.

      4) Жалтыр Мәдениет үйінің ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Жалтыр ауылы, Жеңіс көшесі, 2А, шекті толу нормасы 50 адам.

      5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жалтыр ауылы, Абылай хан көшесі, "Фортуна" дүкенінен Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      6) алаң, Зеленое ауылы, Зеленая көшесі, 9, шекті толу нормасы 50 адам.

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Зеленое ауылы, Молодежная көшесі, Есіл ауылдық клубының ғимаратынан Зеленая көшесі, 9 көшесіндегі алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      8) Қызылжар ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жаңатұрмыс ауылы, Абылайхан көшесі, 21, шекті толу нормасы 50 адам.

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңатұрмыс ауылы, Абылайхан көшесі, "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан Қызылжар ауылдық клубы ғимаратының жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      10) Каменка ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Каменка ауылы, Желтоқсан көшесі, 12, шекті толу нормасы 50 адам.

      11) бейбіт жиналыстар өткізуге арналған жүру бағыты: Каменка ауылы, Атамекен көшесі, Атамекен, 8 көшесінен Каменка ауылдық клубы ғимаратының жанындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      12) "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Колутон ауылы, Кенесары көшесі, 12, шекті толу нормасы 50 адам.

      13) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Колутон ауылы, Ілияс Есенберлин көшесі, "Береке" дүкенінен "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      14) "Астрахан ауданының Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Петровка ауылы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, 29, шекті толу нормасы 50 адам.

      15) бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Петровка ауылы, Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі, Қажымұқан Мұңайтпасов, 33 көшесінен "Астрахан ауданының Николаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан аланға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      16) "Астрахан ауданының Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Новочеркасск ауылы, Школьный тұйық көшесі, 1, шекті толу нормасы 50 адам.

      17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новочеркасск ауылы, Бейбітшілік көшесі, Бейбітшілік 30А көшесінен, "Астрахан ауданының Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      18) Новый Колутон ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаң, Новый Колутон ауылы, Достық көшесі, 27, шекті толу нормасы 50 адам.

      19) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новый Колутон ауылы, Достық көшесі, Достық, 33 көшесінен Новый Колутон ауылдық клубы ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      20) алаң, Старый Колутон ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 4, шекті толу нормасы 50 адам.

      21) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Старый Колутон ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, Старый Колутон ауылдық клубының ғимаратынан Бөгенбай батыр көшесінің алаңына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      22) "Астрахан ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Ұзынкөл ауылы, Целинная көшесі, 80А, шекті толу нормасы 50 адам.

      23) бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты: Ұзынкөл ауылы, Целинная көшесі, "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Ұзынкөл ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан "Астрахан ауданының Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      24) "Астрахан ауданының Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаң, Первомайка ауылы, Октябрьская көшесі, 57, шекті толу нормасы 50 адам.

      25) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Первомайка ауылы, Садовая көшесі, Первомайка ауылдық клубынан "Астрахан ауданының Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 16.01.2023 № 7С-36-3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Астрахан ауданының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.


  Астрахан аудандық мәслихатының
2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 7С-2-2 шешіміне
3 қосымша

Астрахан ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 23.12.2021 № 7С-17-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астрахан ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасына 400 метрден жақын жерде пикет өткізуге:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады