"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Ақмола облысы Астрахан ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемерін бекіту туралы" 2023 жылғы 19 мамырдағы № 8С-5-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8569-03 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы | М.Қожахмет |