Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 8С-13-7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Астрахан ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы | М. Қожахмет |