Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 8С-10/15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 қарашада № 8647-03 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-65/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8267 болып тіркелген), "Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-65/2 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 24 қарашадағы № 7С-28/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30807 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы Н.Сексенов

  Бұланды аудандық мәслихаты
2023 жылғы 16 қарашадағы
№ 8С-10/15 шешіміне
қосымша

Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар Бұланды ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бұланды ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек - Бұланды ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 31.07.2024 № 8С-20/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      4) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      5) 1 қазан - Қарттар күні;

      6) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күні;

      7) 16 желтоқсан - Тəуелсіздік күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыстың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне:

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1979 жылғы 1 желтоқсан - 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 1 қазан - Қарттар күніне:

      зейнетақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күніне:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      11. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарының біріне кірістері есепке алынбай көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, бірақ ол басталған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей;

      2) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бірінші типті қант диабеті) бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) амбулаториялық емдеудегі туберкулездің белсенді түрлерімен ауыратын адамдарға ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бірақ 6 айдан артық емес;

      4) адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруға шалдыққан, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата - аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бірақ босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей;

      6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер шығындарын өтеуге ай сайын 100 (жүз) пайыз мөлшерінде.

      12. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарының біріне кірістері ескеріле отырып, өтініш бойынша бір рет көрсетіледі:

      1) пробация қызметінің есебінде тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

      2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес белгіленеді.

      Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Бұланды ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      15. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе

Решение Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 16 ноября 2023 года № 8С-10/15. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 22 ноября 2023 года № 8647-03.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Буландынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу решения Буландынского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе" от 11 декабря 2020 года № 6С-65/2 (Зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8267), "О внесении изменения в решение Буландынского районного маслихата от 11 декабря 2020 года № 6С-65/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе" от 24 ноября 2022 года № 7С-28/4 (Зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30807).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Буландынского районного маслихата Н.Сексенов

  Приложение к решению
Буландынского районного маслихата
от 16 ноября 2023 года
№ 8С-10/15

Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе Глава 1. Общие положения

      1. Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Буландынском районе.

      2. Настоящие Правила распространяются на лиц, постоянно проживающих на территории Буландынского района.

      3. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - уполномоченная организация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Буландынского района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь - помощь, предоставляемая акиматом Буландынского района в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Буландынского района";

      6) прожиточный минимум - минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее - памятные даты) - профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) участковая комиссия - специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      10) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 31.07.2024 № 8С-20/1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьи 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального кодекса Республики Казахстан, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 раз в год).

      6. Перечень праздничных дней и памятных дат для оказания социальной помощи:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля;

      2) День защитника Отечества - 7 мая;

      3) День Победы - 9 мая;

      4) День памяти жертв политических репрессий и голода - 31 мая;

      5) День пожилых людей - 1 октября;

      6) День лиц с инвалидностью Республики Казахстан - второе воскресенье октября месяца;

      7) День Независимости - 16 декабря.

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      7. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      1) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      2) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму;

      3) сиротство, отсутствие родительского попечения;

      4) неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом;

      5) освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации.

      8. К праздничным дням и памятным датам размер социальной помощи для отдельно взятой категории получателей устанавливается в едином размере местным представительным органом по согласованию с местным исполнительным органом области.

      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия, которая указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      10. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается 1 раз в год без истребования заявлений от получателей следующим категориям граждан:

      1) ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее - Союза ССР) (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      2) ко Дню защитника Отечества - 7 мая:

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы, в размере 25 (двадцать пять) месячных расчетных показателей;

      3) ко Дню Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны в размере 1500000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      семьям погибших военнослужащих в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лицу, приравненному по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 - 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии, в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года и другие страны, в которых велись боевые действия, в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;

      рабочим и служащим Комитета государственной безопасности бывшего Союза ССР, временно находившимся на территории Афганистана и не входившим в состав ограниченного контингента советских войск, в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      4) ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода - 31 мая:

      жертвам политических репрессий и пострадавшим от политических репрессий в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;

      5) ко Дню пожилых людей - 1 октября:

      пенсионерам, получающим минимальный размер пенсии или ниже минимального размера пенсии, получателям государственной базовой пенсионной выплаты в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;

      6) ко Дню лиц с инвалидностью Республики Казахстан - второе воскресенье октября месяца:

      лицам с инвалидностью всех групп и детям с инвалидностью до 18 лет в размере 3 (три) месячных расчетных показателей;

      7) ко Дню Независимости - 16 декабря:

      лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел, в размере 30 (тридцать) месячных расчетных показателей.

      11. Социальная помощь оказывается без учета доходов одной из следующих категорий нуждающихся граждан за исключением лиц, находящихся на полном государственном обеспечении, по заявлению:

      1) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара, единовременно в размере не более 50 (пятьдесят) месячных расчетных показателей, но не позднее трех месяцев с момента его наступления;

      2) лицам, имеющим социально значимые заболевания (злокачественные новообразования, болезнь, вызванная вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), сахарный диабет первого типа), единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      3) лицам, больным активными формами туберкулеза, находящимся на амбулаторном лечении, ежемесячно в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей, но не более 6 месяцев;

      4) родителям или иным законным представителям инфицированных детей с болезнью, вызванной вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ), состоящих на диспансерном учете, ежемесячно в размере 2 (двух) прожиточных минимумов;

      5) лицам, освобожденным из мест лишения свободы, единовременно в размере 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей, но не позднее трех месяцев со дня освобождения;

      6) ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам труда, лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 - 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии, на возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение в пределах Республики Казахстан, на основании документов об оплате единовременно в размере не более 40 (сорок) месячных расчетных показателей;

      7) ветеранам Великой Отечественной войны на возмещение расходов за коммунальные услуги ежемесячно в размере 100 (сто) процентов.

      12. Социальная помощь оказывается с учетом доходов по заявлению единовременно одной из следующих категорий нуждающихся граждан:

      1) лицам, состоящим на учете службы пробации, со среднедушевым доходом ниже прожиточного минимума в размере не более 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей;

      2) лицам (семьям) со среднедушевым доходом ниже прожиточного минимума, не получающим государственную адресную социальную помощь, в размере не более 15 (пятнадцать) месячных расчетных показателей.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      13. Порядок оказания социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи), установленного местным представительным органом порога для оказания социальной помощи.

      14. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Буландынского района на текущий финансовый год.

      15. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      16. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

      17. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган по оказанию социальной помощи с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".