Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-65/2 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 7С-28/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30807 болып тіркелді

      Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-65/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8267 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды аудандық
мәслихатының хатшысы
Ш.Кусаинов


  Бұланды аудандық мәслихаты
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 7С-28/4 шешіміне
қосымша
  Бұланды аудандық мәслихатының
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 6С-65/2 шешіміне
қосымша

Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бұланды ауданының әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетін үлесi;

      6) өмірдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы қағидалар Бұланды ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.

      4. Осы қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысандакөрсететін көмек түсініледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасында, 11-бабы 2) тармақшасында, 12-бабы 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданыстағы тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда;

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы(бұдан әрі - КСР Одағы) Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына.

      3) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;

      еңбек ардагерлеріне;

      Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар;

      4) 30 тамыз-Қазақстан Республикасының Конституция күні:

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға.

      8. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындау үшін өтініш бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет немесе мерзімді (ай сайын) тексеру актісінің негізінде учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша көрсетіледі:

      1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда бір рет - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      2) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналадағыларға қауіп төңдіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):

      Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бұланды аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған қатерлі ісіктері бар адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Бұланды аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті бар адамдарға және инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті бар балалары бар адамдарғажан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда бір рет - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Бұланды аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында химиялық профилактика алатын және фтизиатрда есепте тұрған балалары бар адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысты есептемегенде бір мезгілде - 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш;

      адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусы туындаған жұқтырған балалардың ата - аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай тағайындалады, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің - 2 (екі) еселенген мөлшерінде;

      Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы "Бұланды аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тізімі негізінде денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, туберкулез ауруымен ауыратын адамдарға өтініш бермей ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) өмірлік қиын жағдайдаға тап болған мұқтаж азаматтарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мынадай негіздер бойынша:

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      пробация қызметінің есебінде болуы;

      4) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) бір мезгілде отбасының бір мүшесіне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер шығындары үшін ай сайын 100 % мөлшерінде:

      сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін, телефон байланысы қызметтерінің абоненттік төлемақылары үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сәйкес қызмет көрсетушілердің шотына немесе алушылардың жеке шоттарына.

      6) мүгедектігі бар балалардың ата - аналарына немесе өзге де өкілдеріне санаторий - курорттық емделуге, бірақ бір ата - анадан артық емес - жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, емдік рәсімдерді қоспағанда, тұру және тамақтану үшін Қазақстан Республикасының шегінде санаторий - курорттық емделудің 50 % ақы төлей отырып, шығындарды өтеу түрінде;

      7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне және өмірлік қиын жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға жолдама құны мөлшерінде бір рет, бірақ 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге көрсетеді.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органы келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      12. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Бұланды ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      Әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 20-күніне ай сайын жүзеге асырылады.

      13. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Бұланды ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      14. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

3-тарау. Қорытынды ереже

      15. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады