Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының "2023 жылға арналған Зеренді ауданында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 3-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8552-03 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы | Р.Габдуллина |