2023 жылға арналған Зеренді ауданында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 3-20 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 мамырда № 8552-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 11-72 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 23.11.2023 № 11-72 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық маслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылға арналған Зеренді ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зеренді аудандық мәслихатының төрайымы Р. Габдуллина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады