"Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы | М.Нурпанова |
Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 8С-10/1 шешіміне 1-қосымша |
Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері
1. Осы Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнынан анықтамасы негізінде "Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 03.05.2024 № 8С-16/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін Портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.
Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 8С-10/1 шешіміне 2-қосымша |
Бурабай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4398 болып тіркелген) шешімі.
2. "Бурабай аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-9/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5671 болып тіркелген) шешімі.
3. "Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 "Бурабай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін анықтау туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 6С-16/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6010 болып тіркелген) шешімі.
4. "Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 "Бурабай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін анықтау туралы" шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 қазандағы № 7С-28/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30067 болып тіркелген) шешімі.
5. "Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 "Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 8С-2/14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8561-03 болып тіркелген) шешімі.