Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 "Бурабай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін анықтау туралы" шешiмiне өзгерістер енгiзу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 6С-16/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 шілдеде № 6010 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 8С-10/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 10.11.2023 № 8С-10/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңдарына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бурабай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін анықтау туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 5С-34/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4398 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазанда аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбында және бүкiл мәтін бойынша "анықтау", "анықталсын" сөздері тиісінше "айқындау", "айқындалсын" сөздерімен ауыстырылсын;

      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудың мөлшері – әр балаға тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХVІ (кезектен тыс) сессиясының
төрағасы
М.Рахымжанов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданы әкімінің
міндеттерін атқарушы
Е.Мұратов

      9 маусым 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады