"Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 8С-10/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 3 мамырдағы № 8С-16/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 мамырда № 8751-03 болып тіркелді

      Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бурабай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 8С-10/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8645-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнынан анықтамасы негізінде "Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нурпанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады