Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алға аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) ""Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 1 наурыздағы № 156 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-152 болып тіркелген) шешімі;
2) "Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 156 "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 2 маусымдағы № 173 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Тулеуов |