Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 15 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 8338 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алға аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) ""Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 1 наурыздағы № 156 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-152 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 156 "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 2 маусымдағы № 173 шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Тулеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады