Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Турымов |
Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 56 шешіміне № 1 қосымша |
Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1–тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудыңқағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай – ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегіуәкілетті орган – "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 10.06.2024 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
5. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 2 140 000 (екі миллион бір жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай – ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
1986-1991 жылдар аралығындағы Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағыныңішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағыныңордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағыныңордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарында қаза тапқан не сол кезеңде жараланудың, контузия алудың, мертігудің немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған екінші рет некеге тұрмаған әскери қызметшiлердiң жұбайларына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет– 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
3) 16 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген адамдарға - 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерiнде.
6. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табысты есепке алмағанда:
әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда: амбулаториялық емдеудегі онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ырғыз аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдерге сәйкес, сондай-ақ "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын анықтамаларға сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
7. Бір рет берілетін әлеуметтік көмек алушыларға мынадай негіздер бойынша беріледі:
1) жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты, өзіне-өзі күтім жасай алмауы; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу - адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің пайда болған жері бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, арызы бойынша бір рет, жан басына шаққандағы орташа табыстың біржолғы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерін ескере отырып – 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде.
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
9. Мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
10. Осы Қағидалар Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
11. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
3-тарау. Қорытынды ереже
12. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-cобес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 56 шешіміне № 2 қосымша |
Ырғыз аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7502 болып тіркелген);
2. "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ырғыз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 344 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610 болып тіркелген);
3. "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Ырғыз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8204 болып тіркелген);
4. "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 143 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28462 болып тіркелген);
5. "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ырғыз аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 189 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31390 болып тіркелген);
6. "Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 333 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8351 болып тіркелген).