"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10- тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 тіркелген), Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері айлық есептік көрсеткіштің 0,2 (нөл бүтін оннан екі) мөлшерінде бекітілсін.
2. Ырғыз аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 желтоқсандағы № 204 "Ырғыз ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31657 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Турымов |