Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 11.04.2024 № 159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қарғалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 532 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7940 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Аманжолов |