Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 110 "Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6026 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жол жүруге, 100 (жүз) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.".
2. "Мұғалжар аудандық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар ауданы әкімінің м.а | Б. Кулмагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Мұғалжар аудандық мәслихаты |