Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 110 "Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 122 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 8329 болып тіркелді

      Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 наурыздағы № 110 "Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6026 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жол жүруге, 100 (жүз) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.".

      2. "Мұғалжар аудандық тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданы әкімінің м.а Б. Кулмагамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Мұғалжар аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады