Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің "Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" 2015 жылғы 13 наурыздағы № 3-145 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 87968 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Іле ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Рақымжан Бақытжан Көкенұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ибраев Серикжан Бериковичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Іле ауданының әкімі | Б. Карасаев |
Іле ауданы әкімдігінің 2023 жылғы _____ _________ № _________ қаулысына 1-қосымша |
Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Энергетический ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр ауылы, "Арман" ықшам ауданы, Шұғыла көшесі, № 22а, "Арман" дүкенінің жанындағы стенд;
2) Өтеген батыр ауылы, Гүлдер ықшам ауданы, Ш. Құлымбаев көшесі, № 25/1, "Әдемі" дүкенінің жанындағы стенд;
3) Қарасу ауылы, Қонаев көшесі, № 7, “Елена" дүкенінің жанындағы стенд.
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 92, "Байсерке Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 б, № 28 гимназия ғимаратының жанындағы стенд;
3) Көктерек ауылы, Шалкиіз Жырау көшесі, 11 А , № 21 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд;
4) Жаңаталап ауылы, Есіл көшесі, № 15, " Терең Қара" кафесінің жанындағы стенд;
5) Жаңадәуір ауылы, С.Болысбаев көшесі, № 12, "Дана" дүкенінің жанындағы стенд;
6) Ынтымақ ауылы, Әл-Фараби көшесі, № 72, "Дольче Фарм" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд;
7) Әли ауылы, Е. Беделбаев көшесіндегі аялдама жанындағы стенд.
8) Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, 68 А, "Қазпошта" акционерлік коғамының филиалы ғимаратының жанындағы.
3. Жетіген ауылдық округі бойынша:
1) Жетіген ауылы, Ж. Құдайбергенов көшесі, № 27, "Наурыз" әмбебап базарына қарама-қарсы орналасқан стенд;
2) Жетіген ауылы, Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Құйған ауылы, Қағанат көшесі, № 17, "Айжан" дүкенінің жанындағы стенд.
4. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Ә. Отарбаев және Тың дала көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Н. Тілендиев ауылы, Арман және Ә. Исаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Қосөзен ауылы, Жильников көшесі, № 89, "Кошалко" дүкенінің жанындағы стенд.
5. Чапаев ауылдық округі бойынша:
1) Чапаев ауылы, Ю. Гагарин және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан стенд.
6. Междуреченск ауылдық округі бойынша:
1) Междуреченск ауылы, Достық көшесі, № 10, мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Екпінді ауылы, Шевченко көшесі, № 29, №2 орта мектептің алды;
3) Жауғашты ауылы, Абай көшесі, № 15, "Алишер" дүкенінің жанындағы стенд.
7. КазЦИК ауылдық округі бойынша:
1) КазЦИК ауылы, Б. Сейдалиев және А. Қисанов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Комсомол ауылы, Қ. Күшелеков көшесі, № 57, "Мұхамеджанов" дүкенінің жанындағы стенд.
8. Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша:
1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 150, "Диана" дүкенінің жанындағы стенд;
2) Көкқайнар ауылы, Астана көшесі, № 14, "Уашпаев" және "Береке" дүкендерінің жанындағы стенд;
3) Төле би ауылы, М. Мәметова көшесі, № 36, ауылдық фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
4) Жәпек батыр ауылы, Қ. Алтаев көшесі, № 42, ауылдық ветиринариялық пункті ғимаратының жанындағы стенд.
9. Күрті ауылдық округі бойынша:
1) Ақши ауылының Д.Қонаев пен Ж.Бәрібаев көшесінің қиылысында орналасқан стенд.
10. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, "Водник-1" ықшам ауданы, Алатау және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Боралдай кенті, Космонавтов көшесі, № 96, "Әсем" дүкенінің жанындағы стенд;
3) Боралдай кенті, Аэродромная көшесі, № 96, "Удобный" дүкенінің жанындағы стенд.
Іле ауданы әкімдігінің 2023 жылғы _____ _________ № _________ қаулысына 2-қосымша |
Іле ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Энергетический ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, № 16, № 7 орта мектептің акті залы.
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 14 б, № 28 гимназияның акті залы.
3. Жетіген ауылдық округі бойынша:
1) Жетіген ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, № 15, "Дос" кафесі.
4. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 9, ауылдық мәдениет үйі.
5. Чапаев ауылдық округі бойынша:
1) Чапаев ауылы, "3-ықшам аудан", № 13, ауылдық мәдениет үйі.
6. Междуреченск ауылдық округі бойынша:
1) Междуреченск ауылы, Достық көшесі, № 10, ауылдық мәдениет үйі.
7. КазЦИК ауылдық округі бойынша:
1) КазЦИК ауылы, Б.Сейдалиев көшесі, № 117, №42 орта мектептің акті залы.
8. Ащыбұлақ ауылдық округі бойынша:
1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Заречная көшесі, 189А, №20 орта мектептің акті залы.
9. Күрті ауылдық округі бойынша:
1) Ақши ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 31, ауылдық мәдениет үйі.
10. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, Б. Момышұлы көшесі, № 56, № 39 гимназияның акті залы.