"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. "Іле ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Жарқынбеков Сұлтан Данашұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұсаев Мәден Тоқтарбайұлына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Медеуов |
Іле ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы "Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 3-145 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 09.10.2024 № 609 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Іле ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1.Өтеген батыр ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр ауылы, "Арман" ықшам ауданы, Шұғыла көшесі, № 22а, "Арман" дүкенінің жанындағы стенд;
2) Өтеген батыр ауылы, Гүлдер ықшам ауданы, Ш. Құлымбаев көшесі, № 25/1, "Әдемі" дүкенінің жанындағы стенд;
3) Қарасу ауылы, Қонаев көшесі, № 7, "Елена" дүкенінің жанындағы стенд.
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 92, "Байсерке Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, №14 б, № 28 гимназия ғимаратының жанындағы стенд;
3) Көктерек ауылы, Шалкиіз Жырау көшесі, 11 А, № 21 орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд;
4) Әли ауылы, Е. Беделбаев көшесіндегі аялдама жанындағы стенд.
5) Байсерке ауылы, Арқабай көшесі, 68 А, "Қазпошта" акционерлік коғамының филиалы ғимаратының жанындағы.
3. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Ә. Отарбаев және Тың дала көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Н.Тілендиев ауылы, Арман және Ә. Исаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
3) Қосөзен ауылы, Жильников көшесі, № 89, "Кошалко" дүкенінің жанындағы стенд.
4. Байкент ауылдық окургі бойынша:
1) Байкент ауылы, Ю. Гагарин және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында орналасқан стенд.
5. Ақсай ауылдық округі бойынша:
1) Ақсай ауылы, Достық көшесі, № 10, мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Екпінді ауылы, Шевченко көшесі, № 29, №2 орта мектептің алды;
3) Жауғашты ауылы, Абай көшесі, № 15, "Алишер" дүкенінің жанындағы стенд.
6. А.Тоқпанов ауылдық округі бойынша:
1) А.Тоқпанов ауылы, Б. Сейдалиев және А. Қисанов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Жайнақ ауылы, Қ. Күшелеков көшесі, № 57, "Мұхамеджанов" дүкенінің жанындағы стенд.
7. Ашыбұлақ ауылдық округ бойынша:
1) Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 150, "Диана" дүкенінің жанындағы стенд;
2) Көкқайнар ауылы, Астана көшесі, № 14, "Уашпаев" және "Береке" дүкендерінің жанындағы стенд;
3) Төле би ауылы, М. Мәметова көшесі, № 36, ауылдық фельдшерлік пункті ғимаратының жанындағы стенд;
4) Жәпек батыр ауылы, Қ. Алтаев көшесі, № 42, ауылдық ветиринариялық пункті ғимаратының жанындағы стенд.
8. Күрті ауылдық округі бойынша:
1) Ақши ауылының Д.Қонаев пен Ж.Бәрібаев көшесінің қиылысында орналасқан стенд.
9. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, "Водник-1" ықшам ауданы, Алатау және Абылай хан көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Боралдай кенті, Космонавтов көшесі, № 96, "Әсем" дүкенінің жанындағы стенд;
3) Боралдай кенті, Аэродромная көшесі, № 96, "Удобный" дүкенінің жанындағы стенд.
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 09.10.2024 № 609 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Іле ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
1. Өтеген батыр ауылдық округі бойынша:
1) Өтеген батыр ауылы, Титов көшесі, № 16, № 7 орта мектептің акті залы.
2. Байсерке ауылдық округі бойынша:
1) Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 14 б, № 28 гимназияның акті залы.
3. Қараой ауылдық округі бойынша:
1) Қараой ауылы, Бейбітшілік көшесі, № 9, ауылдық мәдениет үйі.
4. Байкент ауылдық округі бойынша:
1) Байкент ауылы, "3-ықшам аудан", № 13, аудандық мәдениет үйі.
5. Ақсай ауылдық округі бойынша:
1) Ақсай ауылы, Достық көшесі, № 10, ауылдық мәдениет үйі.
6. А.Тоқпанов ауылдық округі бойынша:
1) А.Тоқпанов ауылы, Б.Сейдалиев көшесі, № 117, №42 орта мектептің акті залы.
7. Ашыбұлақ ауылдық округі бойынша:
1). Мұхаметжан Түймебаев ауылы, Молдағұлов көшесі, №14, №19 орта мектептің акт залы.
8. Күрті ауылдық округі бойынша:
1). Ақши ауылы, Д. Қонаев көшесі, № 31, ауылдық мәдениет үйі.
9. Боралдай кенті бойынша:
1) Боралдай кенті, Бостанов көшесі, № 1, № 17 орта мектептің акті залы.