Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ "Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 47-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |
Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 11/84-VIII шешіміне қосымша Абай облыстық мәслихатының 2023жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIII шешімімен бекітілді |
Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Арнаулы су пайдаланудың түрі (өлшем бірлігі) | ||||||
Өзендер, көлдер бассейні | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр) | Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр) | Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр) | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-лықтары (теңге/1000 текше метр) | Су энергетика (теңге/1000 киловатт-сағат) | Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр) |
Ертіс өзенінің бассейні | 181,45 | 521,31 | 146,89 | 146,89 | 54,73 | 20,16 |
Балқаш және Алакөл көлдерінің бассейні | 167,05 | 460,83 | 132,49 | 126,73 | 48,97 | 14,40 |