Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 47-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген), Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының төрағасы
      К. Сулейменов

  Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 2/18-VIII шешімнің
қосымшасы

Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы мәслихатының 13.12.2023 № 11/84-VIIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Арнаулы су пайдаланудың түрі (өлшем бірлігі)

Өзендер, көлдер бассейні

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр)

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр)

Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр)

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашы-лықтары (теңге/1000 текше метр)

Су энергетика (теңге/1000 киловатт-сағат)

Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр)

Ертіс өзенінің бассейні

181,45

521,31

146,89

146,89

54,73

20,16

Балқаш және Алакөл көлдерінің бассейні

167,05

460,83

132,49

126,73

48,97

14,40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады