Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 22.10.2024 № 965 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. "Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 793 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28433 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Абай облысы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы әкімінің м. а. | |
Р. Досмаганбетов |
Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 қаулысына қосымша |
Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 04.07.2024 № 559 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).
Р/с № | Нақты орналасу орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Қызмет саласы |
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1. | Юность көшесі, № 25 ғимаратының сол жағында | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | "Наурыз" дүкені |
2. | Красин көшесі, № 70 ғимаратына қарама - қарсы | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | "Мария" дүкені |
3. | Лебаев көшесі, № 1/2 ғимаратының оң жағында | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | жоқ |
4. | Восход кенті, Рудная көшесі, № 18 ғимаратының оң жағында | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | жоқ |
5. | Юность көшесі, № 23 "В" ғимаратының оң жағында | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | жоқ |
6. | Восточный кенті, Көшкінбаева көшесі, № 35 "А" ғимаратының оң жағында | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | "Светлана" дүкені |
7. | Сәтпаев көшесі, № 134 ғимаратына қарама - қарсы | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | "Леди" дүкені |
8. | Холодный ключ кенті, № 7 "А" ғимаратына қарама - қарсы | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | "Жансая" дүкені |
9. | Қаржаубайұлы көшесі, № 259 "В" ғимаратының оң жағында | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | "Нур" дүкені |
10. | Кәрменов көшесі, № 61 "А" ғимаратының сол жағында | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | "Бәйтерек" дүкені |
11. | Степной кенті, № 12 "Д" ғимаратына қарама - қарсы | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | жоқ |
12. | Комсомольский кенті, Гурьевская көшесі, "Ахметов" жанар - жағармай құю станциясының ғимаратына қарама - қарсы | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | жоқ |
13. | 1 ықшам аудан, № 7 "А" ғимаратына қарама - қарсы | 10 | 5 жыл | азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату | "Роза" кафесі |