Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласы әкімдігінің "Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168-18 болып тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы әкімі | |
Н. Нурсагатов |