Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 793 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 маусымда № 28433 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 914 қаулысы.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 10.11.2023 № 914 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды белгілеу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 722 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7149 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы әкімі Б. Байахметов

  Семей қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 16 мамырдағы
№ 793 қаулысына қосымша

Семей қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Р/с№

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы
(шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге
асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1.

Юность көшесі,
№ 25 ғимараттың
сол жағынан

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік
тауарлары

"Наурыз" дүкені

2.

Красин көшесі,
№ 70 ғимаратқа қарама-қарсы

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Мария" дүкені

3.

Лебаев көшесі,
№ 1/2 ғимараттың оң жағынан

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

4.

Восход кенті,
Рудная көшесі,
№ 18 ғимараттың оң
жағынан

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

5.

Юность көшесі, № 23 "В" ғимараттың оң жағынан

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

6.

Восточный кенті,
Көшкінбаева
көшесі, № 35 "А"
ғимараттың оң
жағынан

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Светлана" дүкені

7.

Сәтпаев көшесі,
№ 134 ғимаратқа қарама-қарсы

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Леди" дүкені

8.

Холодный ключ кенті, № 7 "А" ғимаратына
қарама-қарсы

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Жансая" дүкені

9.

Қаржаубайұлы
көшесі, № 259 "В"
ғимараттың оң
жағынан

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Нұр" дүкені

10.

Кәрменов көшесі,
№ 61 "А" ғимараттың сол жағынан

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Бәйтерек" дүкені

11.

Степной кенті,
№ 12 "Д" ғимаратына
қарама-қарсы

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

12.

Комсомольский кенті, Гурьевская көшесі, "Ахметов" жанар - жағармай құю стансасының ғимаратына
қарама-қарсы

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

жоқ

13.

1 ықшамаудан,
№ 7 "А" ғимаратына
қарама-қарсы

10 шаршы метр

5 жыл

азық-түлік тауарлары

"Роза" кафесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады