Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/30-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 мамырда № 81-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/84-VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.12.2023 № 14/84-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-3-126 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Абай облысының әкімдігімен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырады.";

      6-тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе I және II дәрежелі "Батыр – ана" алқасымен марапатталған жасы бойынша зейнеткерлер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлік жасқа жеткен көп балалы аналар, "Ана даңқы" ордендерімен, 53 жасқа толған 8 жасқа дейінгі 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) әйелдер және 5 жастан кем емес төтенше және ең жоғары тәуекел аумақтарында тұрған азаматтар 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, санаториялық-курорттық жолдамалар беру арқылы жыл сайын санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.

      Мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып баратын заңды өкілдердің біріне кепілдік берілген соманың 70 пайыз мөлшерінде шығындарын өтеуді қарастырсын.

      9-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      10-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.";

      11-тармақтың 4) тармақшасының:

      бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге, сондай - ақ жергілікті бюджет қаражатынан қосымша 100 000 (жүз мың) теңге;";

      он бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 70 000 (жетпіс мың) теңге, оның ішінде: 50 000 (елу мың) теңге жергілікті бюджет қаражатынан және 20 000 (жиырма мың) теңге облыс бюджеті қаражатынан).".

      11 тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерде болған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;"

      13-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

О внесении изменения и дополнения в решение Курчатовского городского маслихата от 20 июня 2018 года № 21/169-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Курчатовского городского маслихата области Абай от 23 мая 2023 года № 4/30-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 26 мая 2023 года № 81-18. Утратило силу решением Курчатовского городского маслихата области Абай от 27 декабря 2023 года № 14/84-VIII.

      Сноска. Утратило силу решением Курчатовского городского маслихата области Абай от 27.12.2023 № 14/84-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Курчатовский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Курчатовского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 20 июня 2018 года № 21/169-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5-3-126) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом области Абай.";

      пункт 6 дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "4) Пенсионерам по возрасту, лицам с инвалидностью 1 и 2 группы, многодетным матерям, достигшим пенсионного возраста, награжденными подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или награжденными подвеской "Батыр - ана" I и II степени, награжденным орденами "Материнская слава", женщинам родившим (усыновившим) 5 или более детей до 8 лет, достигших 53 летнего возраста и гражданам, проживавшим на территориях чрезвычайного и максимального риска не менее 5 лет с 29 августа 1949 года по 5 июля 1963 года предоставляется санаторно-курортное лечение путем предоставления санаторно-курортной путевки ежегодно без учета среднедушевого дохода один раз в год.

      Предусмотреть возмещение затрат одному из законных представителей, сопровождающему ребенка с инвалидностью на санаторно-курортное лечение, в размере 70% от гарантированной суммы.

      абзац первый пункта 9 изложить в новой редакции:

      "больным туберкулезом, находящимся на амбулаторном лечении – в размере 7 (семь) месячных расчетных показателей;";

      абзац второй пункта 10 изложить в новой редакции:

      "Предельный размер социальной помощи составляет 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге.";

      в подпункте 4) пункта 11:

      абзац первый изложить в новой редакции:

      "лицам с инвалидностью и участникам Великой Отечественной войны – 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге, а также из средств местного бюджета дополнительно 100 000 (сто тысяч) тенге;";

      абзац одиннадцатый изложить в новой редакции:

      "лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденных орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 70 000 (семьдесят тысячи) тенге, из них: 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге из местного бюджета и 20 000 (двадцать тысяч) тенге из областного бюджета.".

      второй абзац подпункт 6) пункта 11 изложить в новой редакции:

      "лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел – в размере 60 (шестидесяти) месячных расчетных показателей;"

      подпункт 1) пункта 13 иложить в новой редакции:

      "1) документа, удостоверяющего личность (для идентификации личности);";

      пункт 14 изложить в новой редакции:

      "Документы представляются в подлинниках для сверки, после чего документы возвращаются услугополучателю.

      Для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Курчатовского городского маслихата
      Г. Хусайнова