Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/84-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 қаңтарда № 207-18 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралықаулысына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

 

      КЕЛІСІЛДІ:
Абай облысының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 14/84-VIII шешіміне
1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, олардың мөлшерлерін белгілеудің және азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8)  мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9)  уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Курчатов қаласының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.   

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл–мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнаулы комиссиялар өз қызметін Абай облысының жергілікті атқарушы орган бекіткен ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

      2) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

      8. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      2) кәмелетке толмағандардың арнайы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      3) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі бар балалар;

      4) мүгедектігі бар адамдар;

      5) жетімдер;

      6) ата-ана қамқорлығының болмауы;

      7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі бар адамдар;

      8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтындар;

      9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      10) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;

      12) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      13) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен адамдар (отбасылар);

      14) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар);

      9. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінде белгіленсін.

      10. Мереке және атаулы күндерге алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерін Абай облысының ЖАО-ның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      Табыстары есептелмей ай сайын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тізімі бойынша әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссиясының анықтамасы негізінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық емделіп жатқан адамдарға әлеуметтік көмек және диспансерлік есепте тұрған АИТВ ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне немесе АИТВ ауруымен ауыратын балаларға әлеуметтік көмек-ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жасы бойынша зейнеткерлер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлік жасқа жеткен көп балалы аналар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе I және II дәрежелі "Батыр – ана" алқасымен марапатталған, "Ана даңқы" ордендерімен, 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жасқа толған әйелдер және төтенше және ең жоғары радиациялық қатері бар аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтар жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, санаториялық-курорттық жолдамалар беру арқылы жыл сайын санаториялық-курорттық емделу ұсынылады;

      мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаториялық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеу.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Мәртебесі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында айқындалған Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 200 000 (екі жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде көрсетіледі.

      12. Атаулы күндер мен мереке күндерге берілетін бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (негіздердің бірі бойынша): "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, немесе бұрын "Батыр Ана атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 15 000 (он бес мың) теңге;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде жалпы, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын көп балалы отбасыларға, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім алуды бітірген уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 15 000 (он бес мың) теңге;

      3) 9 - мамыр - Жеңіс Күні (негіздердің бірі бойынша):

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (зайыбына) – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 70 000 (жетпіс мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге (жергілікті бюджеттен);

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына- 50 000 (елу мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары - 100 000 (жүз мың) теңге;

      4) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      елу мың теңгеден аспайтын мөлшерде ең төменгі зейнетақы төлемдерін алушыларға – 15 000 (он бес мың) теңге (жергілікті бюджеттен);

      5) 31 мамыр - Саяси қуғын - сүргіндер және ашаршылық құрбандарын еске алу күні (негіздердің бірі бойынша):

      саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға – 25 000 (жиырма бес мың) теңге;

      6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға (ата – анасының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға-15 000 (он бес мың) теңге;

      7) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргiндерде болған адамдарға - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      14. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;

      жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Әлеуметтік көмек алушылардың шоттарына аудару жолымен "Қазпошта" акционерлік қоғамы Екінші деңгейдегі банктер арқылы ақшалай нысанда көрсетіледі.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      18. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      19. Қажеттi құжаттардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитдын деректері негізінде қабылдайды.

      20. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      21. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiгi туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      22. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегiз) жұмыс күнi iшiнде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы қағидалардың 18 және 19 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      23. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      24. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгiлеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      25. Әлеуметтiк көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру қаланың жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      26. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      27. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторинг және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 14/84-VIII шешіміне
2 қосымша

Күші жойылды деп танылған Курчатов қалалық мәслихатының шешімдерінің тізімі

      1. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-3-126 болып тіркелген);

      2. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 18 маусымдағы № 33/250-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6034 болып тіркелген);

      3. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 29 қарашадағы № 36/281-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6362 болып тіркелген);

      4. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 39/308-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6963 болып тіркелген);

      5. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 26 қазандағы № 46/349-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7808 болып тіркелген);

      6. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 5/39-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8766 болып тіркелген);

      7. Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 26 қазандағы № 24/155-VII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30326 болып тіркелген);

      8. Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/30-VIII шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 81-18 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады