Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 27.12.2023 № 14/84-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 72682 нөмірімен тіркелген) қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы" Курчатов қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 14/103-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5110 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 31 шілдеде "7 дней" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Э. Батырбеков |
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |
Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 21/169-VI шешімімен бекітілді |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 28.04.2021 № 5/39-VII шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Абай облысы Курчатов қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Абай облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) уәкілетті орган – "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия. Учаскелік комиссияның жұмыс органы жұмыспен қамту бөлімі болып табылады;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 26.10.2022 № 24/155-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
3. Осы Қағидалар Курчатов қаласының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Абай облысының әкімдігімен бекітілген ережелер негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері Курчатов қалалық әкімдігімен белгіленеді және Курчатов қалалық мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) Курчатов қалалық мәслихаты белгілейтін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе I және II дәрежелі "Батыр – ана" алқасымен марапатталған жасы бойынша зейнеткерлер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлік жасқа жеткен көп балалы аналар, "Ана даңқы" ордендерімен, 53 жасқа толған 8 жасқа дейінгі 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) әйелдер және 5 жастан кем емес төтенше және ең жоғары тәуекел аумақтарында тұрған азаматтар 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін жылына бір рет жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, санаториялық-курорттық жолдамалар беру арқылы жыл сайын санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.
Мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып баратын заңды өкілдердің біріне кепілдік берілген соманың 70 пайыз мөлшерінде шығындарын өтеуді қарастырсын.
Ескерту. 6-тармақ 4) тармақшамен толықтырылды - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:
1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;
3) кәмелетке толмағандардың арнайы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
4) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық даму мүмкіндіктері шектелген балалар;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;
6) әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;
9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;
11) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен адамдар (отбасылар);
13) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар);
8. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінде белгіленсін.
9. Табыстары есептелмей ай сайын уәкілетті орган тізімі бойынша әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссиясының анықтамасы негізінде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар азаматтарға – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
қатерлі ісіктері бар адамдарға - 70 000 (жетпіс мың) теңге (жергілікті бюджеттен).
Ескерту. 9 - тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 26.10.2022 № 24/155-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) әлеуметтік көмек көрсету мөлшері 200 000 (екі жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Ескерту. 10 - тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 26.10.2022 № 24/155-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге берілетін бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні (негіздердің бірі бойынша):
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметкерлерге, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 100 000 (жүз мың) теңге;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 100 000 (жүз мың) теңге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне - 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне – 100 000 (жүз мың) теңге;
басқа елдерде әрекет еткен әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын енгізу кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедектігі анықталған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге - 100 000 (жүз мың) теңге;
1992 жылғы қыркүйек айынан бастап 2001 жылғы ақпан айы кезеңінде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 100 000 (жүз мың) теңге;
2003 жылғы тамыз айынан бастап 2008 жылғы қазан айы кезеңінде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 100 000 (жүз мың) теңге;
1986 жылдан бастап 1991 жыл кезеңінде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік бекітілген әскери қызметшiлерге - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары -100 000 (жүз мың) теңге;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 43 000 (қырық үш мың) теңге (жергілікті бюджеттен);
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (негіздердің бірі бойынша):
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 15 000 (он бес мың) теңге;
бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, сондай - ақ білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға, олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 15 000 (он бес мың) теңге;
3) 26 сәуір - Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні (негіздердің бірі бойынша):
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына- 100 000 (жүз мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік бекітілген адамдарға және ата - анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болған олардың балаларына - 70 000 (жетпіс мың) теңге;
4) 9 мамыр - Жеңіс Күні (негіздердің бірі бойынша):
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге, сондай - ақ жергілікті бюджет қаражатынан қосымша 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 100 000 (жүз мың) теңге;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға- 100 000 (жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 100 000 (жүз мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 70 000 (жетпіс мың) теңге, оның ішінде: 50 000 (елу мың) теңге жергілікті бюджет қаражатынан және 20 000 (жиырма мың) теңге облыс бюджеті қаражатынан).
5) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
елу мың теңгеден аспайтын мөлшерде ең төменгі зейнетақы төлемдерін алушыларға – 15 000 (он бес мың) теңге (жергілікті бюджеттен);
6) 31 мамыр - Саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні (негіздердің бірі бойынша):
саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға – 15 000 (он бес мың) теңге;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерде болған тұлғаларға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні:
16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала тәрбиелеуші тұлғаларға - 15 000 (он бес мың) теңге (жергілікті бюджеттен);
көру бойынша 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға 30 000 (отыз мың) теңге (жергілікті бюджеттен).
Ескерту. 11 - тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 26.10.2022 № 24/155-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
12. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштері талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша Курчатов қаласының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.
13. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтер;
3) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан залал келтірілген адамдарға бір жолғы әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысы есептелмей көрсетіледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 23.05.2023 № 4/30-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға жібереді.
17. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
18. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
21. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көмек көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көмек көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
23. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары:
1) өтiнiш берушiмен анық емес мәлiметтер бергені анықталғанда;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарғанда;
3) әлеуметтiк көмек көрсету үшiн, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген шектен артқанда.
24. Әлеуметтiк көмек көрсетудегі шығыстарды қаржыландыру, қаланың жергілікті бюджетінде ағымдағы жылғы қаржысынан қарастырылған, қаржы шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
25. Әлеуметтік көмек мына жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Курчатов қаласы шегінен тыс басқа жаққа тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге (МӘМ) тұруға жiбергенде;
4) өтініш берушімен, анық емес мәлiметтер бергені анықталған.
Жұмыспен қамту бөлімінің маманы ай сайын, төлем жүргізер алдында қайтыс болғандардың, кеткендердің және МӘМ-ге тұрақты тұруға жіберілгендердің деректерін салыстырып тексереді.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
26. Артық төленген сомалар ерікті немесе басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қайтарып беруге жатады.
5. Қорытынды ереже
27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторинг және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.