Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қалалық маслихатының "Курчатов қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 1 шілдедегі № 43/333-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7490 нөмірімен тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | |
Г. Хусайнова |
Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/86-VIII шешіміне қосымша |
Курчатов қаласында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Курчатов қаласының келесі объектілерінен кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:
1. жаппай жерлеу орындарында;
2. теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде;
3. мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға;
4. қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге;
5. магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде тыйым салынады.