Курчатов қалалық маслихатының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 43/333-VI "Курчатов қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/86-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қаңтарда № 206-18 болып тіркелді.

      Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Курчатов қалалық маслихатының "Курчатов қаласы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" 2020 жылғы 1 шілдедегі № 43/333-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7490 нөмірімен тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы
      Г. Хусайнова

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 14/86-VIII шешіміне
қосымша

Курчатов қаласында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Курчатов қаласының келесі объектілерінен кемінде 800 метр қашықтықта пикет өткізу шекаралары айқындалсын:

      1. жаппай жерлеу орындарында;

      2. теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде;

      3. мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға;

      4. қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге;

      5. магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады