Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 8/4-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 желтоқсанда № 191-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 4/11-VII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 86-18 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      Ж. Оразгалиев

 

      "Келісілді"
Абай облысы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
____________ А. О. Султанова
2023 жылғы "___" ___________

  Ақсуат аудандық мәслихатының
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 8/4-VIII шешіміне
қосымша

Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – "Абай облысы Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Абай облысы Ақсуат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 15.07.2024 № 18/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын) көрсетіледі.

      5. Осы Қағидалар Ақсуат ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға қолданылады.

2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде біржолғы көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні - 15 ақпан:

      Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағының Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" аспаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға -15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      3) Жеңіс күні-9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуе айлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылары мен қызметшілеріне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскері қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге – 150 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      4) Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр:

      бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануында болған адамдарға – 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;

      5) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз:

      1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      6) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндерде болған адамдарға – 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 15.07.2024 № 18/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      - ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      -жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      - қартаюға байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмау;

      - бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде болу.

      1) Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (отбасыларға) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің екі еселенген шегінен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, жылына бір рет көрсетіледі, келесі негіздер бойынша:

      - жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      - қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      - туғаннан үш жасқа дейінгі ерте психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектеулі балалар;

      - дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларын тұрақты бұзылулары бар адамдар;

      - жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы;

      - қатыгездікпен қарау, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қиянат;

      - баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар):

      2) Әлеуметтік көмек табиғи зілзаланың және өрттің салдарынан азаматқа (отбасына), не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты, немесе әлеуметтік маңызы бар аурудың болуына байланысты әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет, немесе мезгіл-мезгіл (ай сайын) көрсетіледі, келесі негіздер бойынша:

      -табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты - бір рет;

      -туберкулезбен ауыратын, амбулаториялық емделу кезеңіндегі адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ұсынылады.

      -адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі- АИТВ) жұқтырған диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады.

      - АИТВ-мен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек, орташа табысы есепке алынбай, - бір рет;

      Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      3) мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің (бұдан әрі – алып жүруші) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын өтеу.

      4) алып тасталды - Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 15.07.2024 № 18/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5) жасы бойынша зейнеткерлерге жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда жыл сайын санаторий-курорттық жолдама беру арқылы санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидаларға 12 тармағында көрсетілген құжаттарды қоса осы қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті береді.

      11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      12. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының)материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      13. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      14. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тиісті мәліметтері бар өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.

      15. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының есебін жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      16. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттардың және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы арнайы комиссияның қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар қабылданған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді (бас тартылған жағдайда – негіздемесін көрсете отырып).

      19. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай:

      1) өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш берушінің адамның (отбасының)материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартылған, жалтарылған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шегінен асып кетуі жағдайларда жүзеге асырылады.

      20. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      21. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда Акционерлік қоғамы "Қазпошта" және екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар және Акционерлік қоғамы "Қазпошта" арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      22. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      23. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      24. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Аксуат

Решение маслихата района Ақсуат области Абай от 5 декабря 2023 года № 8/4-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 15 декабря 2023 года № 191-18

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат района Аксуат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Аксуат согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение маслихата района Аксуат области Абай "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Аксуат" от 23 мая 2023 года № 4/11- VII (зарегестрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 86-18).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель маслихата
      Ж. Оразгалиев

      "Согласовоно"
Руководитель Управление
координации занятости и
социальных программ
области Абай
_________А. О. Султанова
"___" _________ 2023 года

  Приложение к решению
маслихата района Аксуат
от 5 декабря 2023 года
№ 8/4-VIII

Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Аксуат

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе Аксуат (далее-Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления ее размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима района Аксуат области Абай, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь – помощь, предоставляемая государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ района Аксуат области Абай" в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ района Аксуат области Абай";

      6) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) уполномоченный государственный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования;

      10) участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением акима сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      11) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением маслихата района Аксуат области Абай от 15.07.2024 № 18/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьи 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального кодекса, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьи 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказывается в порядке, определенном настоящими Правилами.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      5. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории района Аксуат.

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается единовременно, в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан-15 февраля:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на Таджикско-Афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      2) Международный женский день - 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать героиня" награжденным орденами "Материнская слава" І и ІІ степени-15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения по общеобразовательным или профессиональным программам в организациях общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими восемнадцатилетнего возраста до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) -15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      3) День Победы - 9 мая:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны - в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов - в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 70 000 (семьдесят тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лицам, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак– в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф, и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей - в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшим действовавшие воинские контингенты в других странах и которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий - в размере 150 000 (сто тысяч) тенге;

      4) День памяти жертв политических репрессий и голода - 31 мая:

      лицам, подвергшимся репрессиям советскими судами и другими органами за пределами бывшего Союза ССР – в размере 25 000 (двадцать пять тысяч) тенге;

      5) День Конституции Республики Казахстан - 30 августа:

      лицам с инвалидностью 1 группы и детям с инвалидностью в возрасте до 18 лет (одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью) – в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      6) День Независимости – 16 декабря:

      лицам, подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел – в размере 200 000 (двести тысяч) тенге.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным решением маслихата района Аксуат области Абай от 15.07.2024 № 18/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      - причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания;

      - наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога двукратного размера прожиточного минимума;

      - сиротство, отсутствие родительского попечения;

      - неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом;

      - освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации.

      1) Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан, (семьям), предоставляется с учетом среднедушевого дохода, не превышающего порога двукратного размера прожиточного минимума, единовременно, по следующим основаниям:

      -дети сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      -безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;

      -дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;

      -лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      -лица, неспособные к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом;

      -освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации;

      -жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      -бездомность (лица без определенного места жительства);

      2) Социальная помощь в связи с причинением ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально значимого заболевания, предоставляется единовременно без учета среднедушевого дохода– единовременно или периодически (ежемесячно), по следующим основаниям:

      - в связи с причинением ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета среднедушевого дохода– единовременно;

      - лицам, страдающим туберкулезным заболеванием и находящимся на амбулаторном лечении, предоставляется ежемесячно без учета среднедушевого дохода в размере 7 месячных расчетных показателей;

      - родителям или законным представителям детей, инфицированных вирусным иммунодефицитом человека (далее - ВИЧ) и состоящим на диспансерном учете или детям, страдающим заболеванием ВИЧ, предоставляется ежемесячно, без учета среднедушевого дохода в двукратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год;

      - лицам, страдающим заболеванием ВИЧ, без учета среднедушевого дохода– единовременно;

      Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      Предельный размер социальной помощи составляет 100 месячных расчетных показателей отдельным категориям нуждающихся граждан, оказавшимся в трудной жизненной ситуации.

      3) возмещение стоимости пребывания одного из законных представителей, сопровождающих ребенка с инвалидностью на санаторно-курортное лечение (далее – сопровождающий), в санаторно-курортной организации в размере семидесяти процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения, определяемой уполномоченным органом в области социальной защиты населения.

      4) исключен решением маслихата района Аксуат области Абай от 15.07.2024 № 18/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5) пенсионерам по возрасту предоставляется санаторно-курортное лечение путем предоставления санаторно-курортной путевки ежегодно без учета среднедушевого дохода.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      8. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      9. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается, по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      10. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или акиму сельского округа представляет заявление по форме согласно приложению 1 к Типовым правилам с приложением документов согласно пункту 12 Типовых правил.

      11. При поступлении заявления на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по основанию, указанному в пункте 8 настоящих Правил, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или аким поселка, села, сельского округа в течение 1 (один) рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      12. Участковая комиссия в течение 2 (два) рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам, согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам, и направляет их в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или акиму поселка, села, сельского округа. Аким поселка, села, сельского округа в течение 2 (два) рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи.

      13. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      14. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      15. Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи в течение 1 (один) рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима поселка, села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      16. Специальная комиссия в течение 2 (два) рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      17. Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи в течение 8 (восемь) рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи. В случаях, указанных в пунктах 13 и 14 настоящих Правил, уполномоченный орган по оказанию социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение 20 (двадцать) рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима поселка, села, сельского округа.

      18. Уполномоченный орган по оказанию социальной помощи письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа – с указанием основания) в течение 3 (три) рабочих дней со дня принятия решения.

      19. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи), установленного местными представительными органами порога для оказания социальной помощи.

      20. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на текущий финансовый год.

      21. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций и Акционерное общество "Казпочта", путем перечисления на счета получателей.

      22. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, предоставленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      23. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

      25. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган по оказанию социальной помощи с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".