Ақсуат аудандық мәслихатының "Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 8/4–VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 шілдедегі № 18/3-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 шілдеде № 305-18 болып тіркелді

      Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақсуат аудандық мәслихатының "Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 8/4-VІІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсуат ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      6-тармақтың 3) тармақшасының 6-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      Ж. Оразгалиев


      "КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысы жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру
басқармасының басшысы
___________________А. Нұрлыбек
2024 жылғы "___" _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады