"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы және 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындылары негізінде, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласының келесі көшелері:
Водосточная көшесін Ағайынды Махмуд Садық Байсалбаевтар көшесіне;
Ақтөбе көшесін Сәду Отарбайұлы көшесіне;
Пролетарская көшесін Берікқали Түгелбаев көшесіне;
Школьная көшесін Кәкімбай Қайсаров көшесіне;
Апрошкин көшесін Рамазан Нашанов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М. Мырзыкешов |