Абай облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласы әкімінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қаңтарда № 3 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аягөз қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы және 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындылары негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласының келесі көшелері:

      Водосточная көшесін Ағайынды Махмуд Садық Байсалбаевтар көшесіне;

      Ақтөбе көшесін Сәду Отарбайұлы көшесіне;

      Пролетарская көшесін Берікқали Түгелбаев көшесіне;

      Школьная көшесін Кәкімбай Қайсаров көшесіне;

      Апрошкин көшесін Рамазан Нашанов көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Мырзыкешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады