Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2- тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мақаншы ауылының халық пікірін ескеріп және Абай облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылдың 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Мақаншы ауылының Антон Чехов көшесі, Кәкім Орынханов көшесі болып қайта аталсын.
2. "Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Калиев |