Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Мақаншы ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 1 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 қаңтарда № 13-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2- тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мақаншы ауылының халық пікірін ескеріп және Абай облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылдың 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Мақаншы ауылының Антон Чехов көшесі, Кәкім Орынханов көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады