Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы | |
Т. Сарманов |
Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7-6/1 шешіміне қосымша |
Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданы бойынша бағалау аймақтары шекараларын және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/4 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-15-117 болып тіркелген) шешімі.
2. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданының елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) бекіту туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/3 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-15-116 болып тіркелген) шешімі.
3. Көкпекті аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/5 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-15-119 болып тіркелген) шешімі.