Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 10 шілдеде № 5-15-119 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7-6/1 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 7-6/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 503 бабында белгіленген жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есеге жоғарлатылсын.

      2. Көкпекті аудандық маслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Көкпекті ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4590 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 24 шілдеде "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған) № 3-3/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Дюсембаев
      Көкпекті аудандық
мәслихат хатшысы
Т. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады