Көкпекті ауданының елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 10 шілдеде № 5-15-116 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7-6/1 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 11.10.2023 № 7-6/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданының елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (сызбасы) бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Көкпекті аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 3 сәуірдегі "Көкпекті ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" № 22-6/4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3288 тіркелген, 2014 жылғы 25 мамырда "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған);

      2) Көкпекті аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 8 сәуірдегі "Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 суірдегі № 22-6/4 "Көкпекті ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 34-3/1 шешімі (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3927 тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырда "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Дюсембаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Сарманов

  Көкпекті аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 20 маусымдағы
№ 23-6/3 шешіміне
қосымша

Көкпекті ауданының елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (сызбасы)

  № 1 аймақ




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады