Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 103-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы | |
Т. Сарманов |