Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда - Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 06.12.2023 № 8-4/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері айқындалсын:
әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%, бірақ 1,6 миллион (бір миллион алты жүз мың) теңгеден аспайтын;
әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10%, бірақ 1,6 миллион (бір миллион алты жүз мың) теңгеден аспайтын.
2. Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
қандастар;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы | |
Т. Сарманов |