Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 "Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-4/2 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 желтоқсанда № 189-18 болып тіркелді

      Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкпекті аудандық мәслихатының "Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі № 4-5/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 103-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы
      Т. Сарманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады