"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыс әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Облыс әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Н. Нуржигитов |