"Облыс әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 51 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 87 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 мамырда № 5027 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыс әкімі аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 51 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыс әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Н. Нуржигитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады