Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 40-12 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2807 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасымен бекітілген Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесіндегі 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"
3. | Шу-Шығанақ-Қашқантеңіз |
".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облыстық | |
мәслихатының төрағасы | А. Нуралиев |