РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихатының өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы, көлікті, байланыс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
А. Бәзіл | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы "25" қыркүйектегі №40-12 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда- Жамбыл облыстық мәслихатының 06.10.2017 № 15-12 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Жамбыл облыстық мәслихатының 28.11.2023 № 9-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) шешімдерімен.
№ | Қатынас |
1. | Жаңатас-Жамбыл |
2. | Шу-Отар |
3. | Шу- Шығанақ-Қашқантеңіз |
4. | Шу-Жамбыл |