Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жамбыл ауданы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №234 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3438 болып тіркелген) қаулысы;
2) Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы №329 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №234 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3862 болып тіркелген) қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | Е. Кыдыралыулы |